Грамматикалық жаттығулар. А. Сөздерді септеңіздер: Отан, құндылықтар, төсегім, жері.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, аудар. Синтаксистік талдау жасаңдар. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар.
1. Жаудың күші қанша екенін де естігеніміз жоқ, жерімізге түскен снаряд намысымызға тепкідей тиді де, бұйрық күтпестен біз де оқты төгіп жібердік.
2. Мектепке келіп кітап оқиық, немесе жаңа шыққан киноны көрейік.
3.Ержан екеуміз стадионға барамыз, не кітапханаға кіреміз.
4.Ыңғайы келгенде қарақұстан кіндік темірмен салып жіберуге Шауыпкел қолын көтерді, бірақ тату өскен құрбысын қимады.