Главная Расписание
Болашақтағы медицина
4 четверть
КГУ «ОШ №20»
Алматы, Турксибский район, Турксибский район
4 Б

ШН
НАРМИНА
ШУХРАТОВА
Ученик
787 BilimBonus
6
Личный кабинет
Online Mektep
Госуслуги
Новости
19 МАЯ
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫКНАЙЗАБЕКОВА Б.
2-АЯ ПОДГРУППА
БОЛАШАҚТАҒЫ МЕДИЦИНА
УРОК
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Открыть чат
Болашақтағы медицина
Мәтінді оқып, дұрыс жауапты «+» таңбасымен белгіле.
Алан мен Дана болашақ туралы әңгімелесті.
– Алан, сенің болашаққа қандай жоспарың бар?
– Менің алға қойған мақсатым – мектепті үздік бағамен аяқтау.
– Сен мектепті неше жасыңда аяқтайсың?
– Мен мектеп бітіргенде 17 жаста боламын. Дана, болашағымды медицина саласымен байланыстырғым келеді. Еліміздегі ауырған адамдарды емдеп, болашақта медицина тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарына қатысу – үлкен армандарымның бірі.
– Медицина саласында қанша жыл оқып, білім алу керек?
– Дана, бұл оқу орнында 7 жыл білім алып, шет тілін қатар меңгеру керек.
– Шет тілін меңгерудің қажеті қанша?
– Зерттеу жұмыстары шетелде жүргізіледі. Сондықтан шет тілін меңгеру талап етіледі.
– Алан, сен болашақта медицинаның дамуына үлкен үлес қосатыныңа сенімдімін. Біріншіден, сен медицинаға қатысы бар байқауларға қатысып, І, ІІ жүлделі орын алдың. Екіншіден, шет тілді меңгерудегі қабілетің де ерекше.
– Дана, сен артқан сенімді ақтап шығамын!
Кейіпкер неше жаста мектепті аяқтайды?
16 жас

18 жас

15 жас

17 жас

Алан жоғарғы оқу орнында қанша жыл білім алады?
4 жыл

6 жыл

7 жыл

20 жыл

Артқа
Тексеру
Нашли ошибку в уроке?