Әңгiмелеу «Сүйіспеншілік» (оқып ал) Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,-дейді. Оң жақтағы досым - Байлық, сол жақтағы досым - Сәттілік. Менің атым-Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

- Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреуімізді ғана шақыртуға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтыңыздар ,- депті.

Сендер болсаңдар қайсысың шақырған болар едіңдер? Оқушылардың жауабын тыңдап, әңгімені әрі қарай жалғастыру.

Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтыпты. Үй иесі оған қандай жақсы болды біз байлықты шақырайық - депті. Әйелі жоқ Сәттілікті шақырсақ қайтеді депті. Екеуі ортақтасып, мынандай шешімге келіпті: Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз.

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға қарап: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,-депті.Сүйіспеншілік орнынан тұрып, үйге қарай беттесе, соңынан жолдастары да ере барыпты. Әйел таң қалып, сіздер тек біреуіміз ғана барамыз деп едіңіздер ғой!

Қариялар:

- Егер тек Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ,сіз Сүйіспеншілікті таңдадыңыз, сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек деп жапуа беріпті.

Өйткені Сүйіспеншілік жүрген жерде біз Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз деген екен.

Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады

Сұрақтарға жауап жаз

Аңыз әңгіме бойынша қандай ой түюімізге болады?
Үй иесімен әйәлі неліктен сүйіспеншілікті тандады деп ойлайсыңдар?
Сүйіспеншілік құндылығы туралы не айта аламыз?
Өздерің қайсысын таңдар едіңдер?

bahyt061089 bahyt061089    3   13.04.2021 06:30    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi