Газ тәрізді заттардан және шаң бөлшектерінен қорғау туралы мәселе тұр. Бұлардың барлығы ауаны бұзып, шаңдатады, тірі ағзаларды жою қаупін туды- рады. Улы заттарды ауа ағын- дары тасымалдап, топыраққа, суқоймасына өзендер мен көлдерге жаңбыр және қармен түсіреді. Ауаны тазартудың ең негізгі әдісі саяжай, бақ, шалғындар, көгалдандыру. Өсімдік жапырақтары шаңды, майда қатты зат- тарды ұстап қалады. Бір гектар шыршалы немесе қарағайлы орман жылына 30 тонна шаңды ұстап қалады. Орман ауаны шаңнан, күйеден, кірден сақтайды. Өсімдіктер атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартады. Фотосинтез процесінде олар көмірқышқыл газын сіңіріп, атмосфераға оттегін бөледі. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыру мақсатында түтінді жақсы сіңіретін өсімдіктерді отырғызады. Памагите