Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылға жуық аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді. Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың 1-2 миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллиондай не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жылға тарта ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді. 1. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз. Какое отношение имеет главный герой к торговле? Опишите его моральные качества и приведите доказательства из текста.
2. Болжалдық сан есімі бар сөйлемді теріп жазыңыз. Выпишите предложение с приблизительными числительными.