Это стих.
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің.
Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.
(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді.
Қызғанады-ау кейбіреулер бағыңды,
Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Ел билеудің қияметін сезем мен,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен,
Алып өттің, ел басына күн туып,
Етікпенен су кешетін кезеңнен.
Бардың қанша нар тәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Судың өзі жол береді екен ғой,
Жүрегінде от лаулаған адамға.
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,
Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
Шартарапқа байлығымен байқалған,
Қазағымды бақытсыз деп айта алман.
Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
«Ер қадірін ел біледі» деуші еді,


Это стих. Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп, Не болса да пешенемнен көрем деп. Елің үшін түстің т

kamilya14957 kamilya14957    3   23.12.2020 13:54    4

Ответы
Sasha476 Sasha476  22.01.2021 13:55

Ел басына күн туу қиын заман

шартарап бар әлем

елтұтқа көшбасшы

жан құрбан елі үшін

ғұмыр кешу өмір сүру

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi