ЭТО СОР Қазақстандағы ұлттар достастығы» және «Ұлы дала табиғаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты 15-20 минут

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап бер.

1 Мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3000-дай жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі.

Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.

1-тапсырма.

1. Италия тұрғындары 3000 жыл бұрын кімге табынған?

А) әйел құдайы Майяға

Ә) Қазақстан

Б) әйел

2. 1 Мамырды алғаш рет қай мемлекеттер атап өтті?

А) Қазақстан

Ә) Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия

Б) Ресей

3. 1Мамыр Қазақстанда қандай мереке?

А) Жеңіс күні

Ә) 8 Наурыз

Б) Бірлік күні

4. 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл?

5. Осы мерекені әлемнің қанша мемлекеті тойлайды? [ 5 ұпай]

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Бұл қорық 1962 жылы мемлекет қайраткері – Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған. Қорықта аң құс, шөп, гүлдер қорғалады.

Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ пен сарғалдақ өседі. Қызғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта өскен. Грейг қызғалдағын Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған. Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланып, дипломмен марапатталған. Содан бері әлемге біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған.

Ақсу-Жабағылыда жазықтар, биік шыңдар, жартастар, таулар бар. Өзендер мен сарқырамалар бар. Көгілдір биік таулар аспанмен таласады.

Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға сурет салынған. Тастарда жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар бейнеленген.

2-тапсырма.

1. Ақсу – Жабағылы қорығы қайда орналасқан? [1ұпай]

2. Қорықта қызғалдақтың неше түрі өседі? [1ұпай]

3. Мәтінге бір күрделі сұрақ жазыңыз. [1ұпай]

3-тапсырма.

2. Берілген болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырыңыздар.

Тарады, қорғалады,, өседі [ 2 ұпай]

4-тапсырма

Бір сөзге синквейн (туған жер, табиғат, саябақ) құрастырыңыз. [5 ұпай]

Бес жолды тақпақтың құрылымы:

1. Тақырыпқа қатысты бір зат есім;

2. Бірінші зат есімге қатысты екі сын есім;

3. Бірінші зат есімге қатысты үш етістік;

4. Бірінші зат есім қатысқан сөйлем;

5. Тақырыпты сипаттайтын бір синоним сөз.​

krohaaaaaaaa krohaaaaaaaa    3   04.05.2021 18:11    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi