Это казахский язык, перевода на русский нету. Если я дам задание на русском то вы дадите мне ответ на русском, а мне нужно все на казахском ЭТО СОР ПО КАЗАХСКОМУ

1. Оқылым.

Төрт түліктің пайдасы

Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.

Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.

Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды.

Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды.

Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды.

А) Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мәтінде не туралы баяндалған?

2. Төрт түлік мал туралы қандай ақпараттар айтылды?

3. Қазір төрт түлік малды ұстау өзекті ме?

Ә) Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін жазыңыздар.

Сөйлемдер Реті

1.Ешкі - өте өсімтал мал.

2.Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде

пайдаланады.

3.Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі.

4.Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын

сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған.

5.Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі.

veseloffgleb veseloffgleb    1   01.03.2021 09:00    0

Ответы
LeRaDrEeMuRuNdErTaLe LeRaDrEeMuRuNdErTaLe  31.03.2021 09:02

ну вроде прально  :)))

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi