Етістіктерді құрамына қарай талдау. сөздер: аралап келеді,шықылықтайды,естілмейді,шақырмайды,болмаса,паналамапты,көрінбейді,жібермепті

BPAN321 BPAN321    3   21.08.2019 03:00    4

Ответы
valeriatomilov valeriatomilov  09.08.2020 16:26

Сөз құрамына талдау.

Арала – түбірі (не істе? етістік), +п – көсемше жұрнағы.

Кел – түбірі (не істе? етістік), +е – көсемше жұрнағы, +ді · жіктік жалғауының 3-жағы.

Шықылық – түбірі (еліктеу сөз), +та – етістік тудырушы жұрнақ, +й – көсемше жұрнағы, +ды – жіктік жалғауының 3-жағы.

Есті – түбірі (не істе? етістік), +л – ырықсыз етіс жұрнағы, +ме – болымсыз етістік жұрнағы, +й – көсемше жұрнағы, +ді – жіктік жалғауының 3-жағы.

Шақыр – түбірі (не істе? етістік), +ма – болымсыз етістік жұрнағы, +й – көсемше жұрнағы, +ды – жіктік жалғауының 3-жағы.

Бол – түбірі (не істе? етістік), +ма – болымсыз етістік жұрнағы, +са – шартты рай жұрнағы.

Пана – түбірі (не? зат есім), +ла – етістік тудырушы жұрнақ, +ма – болымсыз етістік жұрнағы, +п – көсемше жұрнағы, +ты – жіктік жалғауының 3-жағы.

Көр – түбірі (не істе? етістік), +ін – өздік етіс жұрнағы, +бе – болымсыз етістік жұрнағы, +й – көсемше жұрнағы, +ді – жіктік жалғауының 3-жағы.

Жібер – түбірі (не істе? етістік), +ме – болымсыз етістік жұрнағы, +п – көсемше жұрнағы, +ті – жіктік жалғауының 3-жағы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi