Етістіктерді пайдаланып сөйлем құра. жаңғыртайыншы, қой, қамтамасыз, етесің, жақсартыңыз, кеңейтсін, жүргізіңдер, алайыншы, қолдаңыз, жетілдірсін, ңдар, ұсынсын, айтайыншы

ElectricCat ElectricCat    3   02.10.2019 17:50    32

Ответы
virina059 virina059  09.10.2020 12:13

Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

Ауылымызда бәйге мен көкпар өткізу арқылы қазағымның ата дәстүрін жаңғыртайыншы!

Сыныптағы мәселе туралы ешкімге айтпай – ақ қой, жарай ма?

Басшы ретінде бұл тапсырмалардың бұлжытпай орындалуын өзің қамтамасыз етесің.

Әлі де тіл курстарына барып, ағылшын тілінде сөйлеуді жақсартыңыз.

Әсет дүкеніне келуші сатып сатып алушылардың санын көбейту үшін ассортиментті кеңейтсін.

Оқушылар арасында дұрыс тамақтану мен спорт жайында дөңгелек үстел жүргізіңдер.

Қарсы болмасаң, сөреде тұрған кітабыңды оқуға алайыншы?

Амираның бүгінгі алғашқы концертінде гүл шоқтарын әкеліп, оны қолдаңыз.

Хамит шетелге білім алмасуға барғысы келсе, ағылшын тілінде сөйлеуін жетілдірсін.

Үш тұғырлы тіл мәселесін қолға алып, барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуді дамытыңдар.

Келесі жиналыста Арман бұл мәселенің шешілу жолдарын ұсынсын.

Сен туралы шетелдегі құрбыма айтайыншы, мүмкін, бір көмегі тиіп қалар?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi