Етістіктің мағынасына қарай түрлері

Toxichnui Toxichnui    1   19.07.2019 17:20    0

Ответы
MADHOP2016 MADHOP2016  03.10.2020 08:05

Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз.

Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.

Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ