Эссе жастарды шетелге окыту дурыспа

rydet rydet    2   19.10.2021 12:57    0

Ответы
igorsubk igorsubk  19.10.2021 13:00

Шетелде оқыған студент пен қазақстандық студентті бір-бірінен артық немесе кем деп айта алмас едім. Дегенмен шетел студенттерінің ойлау қабілеті мен адамға деген қарым-қатынасы ерекше. Сіз шетелде жүрсеңіз, ұлтыңыз, дініңіз, киім үлгіңіз ешкімді қызықтырмайды. Әр адамға жеке тұлға ретінде қарайды. Араласқанда өзіңнің қандай екеніңді көрсете білсең, соған лайық сыйға ие боласың. Олар әрбір ақпаратты сүзгіден өткізе біледі, яғни сараптап, оның рас-өтірігін тексере алады. Мысалы, біздің мектептерде бір тапсырма берсе, оқушы оны жаттап, мұғалімнің өзіне қайтып айтып береді. Жақсы бағаласа, соған қуанады. Біз бір түнде орындайтын тапсырманы дамыған мемлекеттердің мектебінде бір-екі апта көлемінде зерттеу, сараптау тапсырмасы жүктеледі. Бір сөзбен айтқанда, білім беру жүйесі күрделі. Басты айырмашылық — осы ғана.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi