Эссе про Алию Молдагулову на казахском 90-100 слов

vmalina2005 vmalina2005    1   30.05.2023 06:58    0

Ответы
maliiii02 maliiii02  30.05.2023 06:59

Бұл қазақтың батыр қызы майданда 8 ай ғана болғанымен, өз ерлігімен тапқырлығының арқасында, көптеген жаудың көзін жойып, еліміздің мақтанышына айналды.

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол 7 жасында анасынан айырылып, ағасы Әубәкірдің қолында тәриеленді. 1935 жылы Әубәкір әскери-көлік академиясына оқуға түсіп, олар жанұясымен Ленинградқа көшуге мәжбүр болды. 1941 жылының маусымында Ұлы Отан соғысы басталғандықтан, жергілікті тұрғындар басқа қалаға эвакуацияланды. Алайда, Әлия Ленинградты қалдырудан бас тартып, снайперлерді дайындайтын орталық мектепке түсуге шешім қабылдады. Оқу барысында қайсарлық пен табандылық танытқаны үшін, Орталық Комитет оған атаулы мылтық табыстады. Насва деп аталатын теміржол станциясын шабуылдаған кезде, немістердің минометі оқ жаудырып, батальонның алға жылжуы тоқтап қалды. Мұны байқаған Әлия, қолына гранатаны алып, минометтің көзін жойған. Осылайша, вокзалға баратын жол ашылды. Куәгерлердің айтуынша, аспаннан снарядтар түскен кезде, қазақ қызы ерекше батылдық танытқан. Ол фашистерді өлтірумен қатар, майданда жараланған сазбаздарды соғыс алаңынан алып шығып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Ресми деректер бойынша, ол немістің 78 жауынгерін өлтірген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен, Молдағұлова Әлияға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл ержүрек қыз – 18 жылдан астам уақыт ғана өмір сүрсе де, көптеген ерліктер жасап, қазіргі жастар үшін үлгі болуға лайық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi