Эссе на тему я патриот своей страны казахстан - на казахском языке. минимум 200 слов .

aielstar aielstar    2   14.09.2019 23:10    2

Ответы
elena11060207 elena11060207  07.10.2020 15:30

Елімнің ұлтжанды азаматымын.

Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білемін.

Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескер¬сек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен бере¬кесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.

Бейбітшілік болса, барлық жерде бақыт орнап, тыныштық болады.

Егер біз бір-бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Біз болашақ жас ұрпақ Елбасымыздың саясаты мен жоспарын, кең байтақ дархан даламыздың көгінде тек бейбітшілік құсы ұшып, ұлтаралық келісім орнағанын қолдаймыз.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi