Эссе на тему уакыт -керемет сый даю

nshtvr nshtvr    2   04.10.2021 23:48    0

Ответы
draufzoda draufzoda  04.10.2021 23:50

Біраз оқушылар уақыттың қадірін білмейді. Тіпті, кейбір кезде оны асықтыруға тырысады. Бұндай адамдар жастық шағын мағынасыз және пайдасыз өткізгендіктен, белгілі бір жасқа келген кезде өкіне бастайды. Олар уақытты қандай да бір жолмен созуға, жылдамдатуға, баяулатуға немесе артқа қайтаруға болмайтындығын түсініп, қатты қайғыға батады. Сондықтан, өміріңізді жарқын түстермен, ұмытылмас сәттермен, жақсы істермен және жағымды естеліктермен толтыруға тырысыңыз. Адамдар «уақытым жоқ» деген сөзді жиі айтады. Менің ойымша, бұл жай ғана сылтау. Ынта болса, уақыт та табылады. Бүгін жасауға болатын затты, ертеңге қалдымау керек. Себебі, сіз үшін ертеңгі таң атпауы мүмкін. Әр секунд сайын, уақыт біздің өміріміздің кітабына жаңа жолдар жазады. Бірақ, келесі беттерінде не болатындығы тек өзімізге байланысты, өйткені, біз осы кітаптың авторымыз. Оны босқа өткізбей, сауатты пайдалануға тырысу керек. Уақыт алға тоқтаусыз ұмтылатынын естен шығармай, оны бағалауды және ұтымды қолдануды үйренейік

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi