Эссе на тему "судың да сұрауы бар

НосочекСудьбы НосочекСудьбы    3   12.05.2020 07:25    2

Ответы
Klimovada Klimovada  12.08.2020 22:26

Судың да сұрауы бар.

«Су – тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар» деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші. Сусыз өмір жоқ екенін теориядан білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалып барады, десем артық айтқаным емес.

Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.

Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс - әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.

Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.

Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе?

Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңізді есептеп көрдіңіз бе?

Ендеше суды үнемдеумен қатар, соған кететін қаражатыңызды да үнемдей аласыз. Төменде берілген пайдалы кеңеске назар аударып көріңіз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Animerica20045 Animerica20045  12.06.2021 22:24

Судың да сұрауы бар.

Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.

Су күнделікті шөлімізді ғана қандырып қоймай, сонымен қатар суда жүзіп, жаттығу жасаған ағзамызда едәуір пайдалы. Мысалы, суда жаттығу жасау тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға да жағымды әсер етеді екен. Жалпы су жаттығулары барлық қан - тамырлар жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
kokgggg kokgggg  12.06.2021 22:24

"Су — тіршіліктің көзі, өмірдің бастауы, адамзаттың қуаты. Онсыз өмір болмайды. Халқымыз айтқандай, су бар жерде, береке де бар. Бүгінде жер бетінде адам саны өскен сайын ауыз су да әлемдік маңызды мәселеге айналды. Біздің елімізде ол ең негізгі сұрақтардың бірі. Осы салада "Таза ауыз су", "Ақ бұлақ" секілді жобалар жүзеге асырылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi