Егеменді еліміздің болашағы – жастар. Олардың түсінігі мол, ұлтын сүйетін, еңбегі мен кәсібін халқына жұмсайтын, рухани жағынан жетілген ұрпақ болуы үшін мемлекет тарапынан аз қамқорлық жасалып жатқан жоқ. Білім беру мен ғылымдағы инновациялық-инфрақұрылымдық жүйе көптеген жетістіктерге жетелейді. «Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту», – деп көрсетті Елбасы. Қоғамды кемелдендіруде инновациялық-инфрақұрылымдық жүйемен білім берудің орны ерекше. Ұлттық интеллектінің негізі қаланып, халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімпаздық қоғамдық еңбегі мен кәсібі, дағдысы жоғары, іскерлік негіздері қалыптасқан, рухани кемелденген азаматтарды қалыптастыруда бұл жүйенің маңызы мол. Осы салада «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасының да атқаратын қызметі аз емес. Бұл жоба негізінде Қазақстан халықтарының жеке тұлғалық ақыл-ой қабілеті тереңдеп, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауымыздың тірегі болады. Ал инновация жүйесін дамыту үдерісі ғылымды, техниканы, өндірісті өзара біріктірудің жаңа нысандарымен сипатталады. Таза инфрақұрылымды өндіріске қызмет көрсететін және қоғамның тіршілік әрекетіне жағдай жасайтын шаруашылық салаларының кешені десек, оны адам жанына қолданғанда – ішкі және сыртқы жүйе деп қарауға болады. Яғни ол – адамның жан дүниесі. Бейөндірістік инфрақұрылым денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, дене шынықтыру т.б. әлеуметтік қамсыздандырудан тұрады. Әлеуметтік инфрақұрылым тікелей материалдық игіліктерді жасамайды, бірақ онсыз өндіріс үдерісін дамыту қиын не мүлде мүмкін емес.
Объяснение: