Қорық дегеніміз - экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтар жиынтығы. Қорықтардың мақсаты - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, сол аумақтағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын сақтау.
Еліміздің аумағында 10 қорық бар. Ең алғаш ашылғаны - Түркістан облысының аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы. 1926 жылы ашылған болатын. Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі.
Қазіргі таңда Ақсу - Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Қорық аумағында бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі кездеседі.
Қорықтар аумағында туристік жол бағыттар қарастырылған.
Қазақстанның алғашқы қорығы.