Эссе на казахском языке на тему бала бауыр етiң​

beresnevarseny beresnevarseny    2   09.02.2021 12:13    1

Ответы
ludafrolova98 ludafrolova98  09.02.2021 12:20

мБұл дүниеде не тәтті, бала тәтті. Не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұралса, бәріне де бауыр етің балаң десек қателеспейміз.

Бала – біздің көзқуанышымыз,  жанымызға жылу сыйлайтын, ізімізді жалғастырушы ұрпағымыз.

Дүниеге келген сәтінен бастап оған қорған болып балдай қылықтары, былдырлаған тәп-тәтті тіліне сүйсініп қызықтарына тоймай жатамыз. Жұмыстан шаршап келгенімізде құшақтап бір иіскегеннің өзі барлығын ұмыттырып жіберердей.

Алайда баланың қадір-қасиетін ұғынып сезіне білмеген кейбіреулердің өз қанынан жаралған сәбиін тірідей өлтіріп жатқандары да жасырын емес. Бауыр еті баласын ақшаға сатып, көшеге тастап кетіп қалған безбүйректердің өз баласын бауырына басып, қорған болған төрт аяқты хайуан құрлы бола алмағаны өкінішті-ақ. .

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi