Эссе Менің елім тәуелсіз қазақстан​

kater7829 kater7829    1   23.04.2020 08:51    1

Ответы
Kisaaaa111 Kisaaaa111  23.04.2020 09:30
Менің елім Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақтар қаза болды. Әрине бұл соғыс оңай болмады. Биыл ҰОС аяқталғанына-70 жыл толды.

Ал 1986 жылы 16-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаммеджанова сияқты көптеген жастар алаңға шығып, көтеріліс кезінде қыршыннан қиылды.

Тәуелсіздікті алғанымызға 2016-жыл 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде бізді әлем таныды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады.  

Қазақстан - көп ұлтты ел. Қазақ - қонақжай халық. Сондықтанда біз бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының міндеті. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Отан үшін отқа түс күймейсің –деп Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған. Мен өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.

Елім, отаным, жерім деп жүрген ағаларымыз аман болсын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
MagistooorNaine MagistooorNaine  23.04.2020 09:30

Біз тәуелсіз елміз.Кең-байтақ жеріміз,жайқалған гүліміз,сайраған құстарымыз бар.Елбасымыз да жақсы адам.Мен тәуелсіз елде тұрғаныма қуаныштымын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi