Эссе ит адамнын досы сөилем жетеді​

milimili95 milimili95    2   17.02.2021 19:40    1

Ответы
mrstrygin00owizqu mrstrygin00owizqu  17.02.2021 19:50

Ит - адамның досы. Қазақ халқы:"ит - жеті қазынаның бірі" деп бекерге айтпаған.Итті көптеген елдер қастерлеген.Әсіресе,қазақ халқы итті досымыз деп білген. Ең алғаш қолға үйретілген аң ит екен.Ит адамға аң аулап,азық табуға,қорғануға көмектескен. "Ел жатпай - ит тынбас" демекші,ит - отбасының,үйдің сақшысы.Олар тіпті адамдар жасай алмаған ерліктерді де жасай білген.Мысалы,ғарышқа алғаш Белка мен Стрелка деген иттер ұшқан еді. Иттердің өз иелеріне деген адалдығын көрсететін көптеген шығармалар мен фильмдер бар.Хатико атты иттің өз иесін көптеген уақыт бойы күтуі,"Меган Ливи" атты фильмдегі Рекс деген иттің иесін бірнеше рет қорғап қалуы деген секілді туындылар көп-ақ. "Жақсы ит - иесінің көзі, құлағы" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,иттер адам көрмеген нәрсені көріп,сезінеді.Сондықтан да,жеті қазынамыздың бірін қастерлей білейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi