Эссе баланың ата ана алдындағы парызы​

anastasiyaroma11 anastasiyaroma11    1   21.05.2020 11:10    6

Ответы
цццрпппр1 цццрпппр1  18.08.2020 21:05

Әрқайсымыз үшін бұл өмірде ата – анамыздан жақын әрі ыстық адам табылмас. Ата – анамыз біздерге осы өмірге келуімізге себепші болып, жарық дүние сыйлады. «Анадан асыл бар ма жан?» демекші, аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.

Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.  

Менің ойымша баланың ата – ана алдындағы ең бірінші парызы – бұл кісілерді сыйлап, олар үйреткен тәлім - тәрбиені есте ұстап, ешқашанды жерге қаратпау. Ата – ананы сыйлау кішкене күннен қалыптасып, есейе келе ата – ана мен бала арасындағы достық қарым – қатынасқа ұласады. Өз басым ата – ананы сыйлау дегенді былай түсінемін: үлкендердің айтқанын екі еткізбей орындау, үлкен кісі сөйлеген кезде сөзін бөлмеу, қарсы жауап қайтармау. Ата – ананы сыйлау – бұл біздің перзенттік парызымыз.

Ендеше әкелеріміз бен аналарымыз – өмірдің мәні де сәні екенін есте ұстап,ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі,  дәнекері екенін ұмытпайық!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi