Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссе құрылымы кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім.

Негізгі бөлім – негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған және дәлел мен дәйекті талдап, салыстырып, суреттеп, сипаттап т.б көрсететін бөлім. Қорытынды – тақырып
бойынша тұжырымдалған түйін.

Қандай да бір нәрсені сипаттап не суреттеп жазуда ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой
жүйелілігін сақтап, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп
жазуда өз сезімін, ұстанымын, көзқарасын, пікірін анық көрсетіп, себептерін дәлелдеп жазу
керек.
Эссе жазуда қолданылатын стандартты тіркестер мен синтаксистік құрылымдар болады.
Мысалы, сонымен, менің ойымша, қорыта келе, дәлел ретінде, менің пікірім бойынша, Т.С.С.
Эссенің әр бөлігіне қатысты клишелер болады. Олар өз қызметіне сай қолданылады. Мысалы,
кіріспеде тезистік сөйлем жазылатындықтан, ол жерде көбіне «келісемін/ келіспеймін,
дәлелдеймін» сияқты сөздер қолданылса, негізгі бөлімнің қызметі ойды дәлелдеу болғандықтан,
соған қатысты «бұған дәлел болатын, пікіріне сүйенсек, менің ойымша, алдымен, меніңше, т.С.С»
клишелер қолданылады. Сипаттау, суреттеу эссесінің ерекшелігі өзіне таныс адамды, белгілі бір
мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда дәлелді мысал келтіру және белгілі бір
нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттау, етістіктері өткен немесе осы шақта
қолданылады. Эссенің сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер), көңіл күй етістіктері мен нақты зат
есімдер, сенсорлық елестетуді сипаттау үшін салыстыруды қолдану болып табылады. Сипаттау
эссесінде табиғат көріністерін, адам портреті бейнесін, т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін
қолданып, заттарды салыстырмалы түрде сипаттау қажет.

Эссенің кіріспе бөлімінде негізгі бөлімде айтылған ой тұжырымдалады ?
А) Ақиқат
Ә) Жалған​

евгения2066 евгения2066    2   12.12.2020 05:04    5

Ответы
kburdenko01 kburdenko01  11.01.2021 05:05

Жалған

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi