Эссе " қазақтың дастарқаны " на казахском! 25 !

шахид2 шахид2    1   28.06.2019 16:10    3

Ответы
Kolelove050 Kolelove050  02.10.2020 14:14
Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бас сұққан үйден нан ауыз тимей шығатын жанға қапа болып, көңіліне алып қалатын болған. Бұл қазір де жоқ емес. Үйге аяқ басқан адамды алаламай "Нан ауыз тиіп кетсеңші" деген үйдегілердің сөзі санамызға сіңіп қалды. Олай етпеген жанға "наннан үлкен болғаны ма" деп ренжиміз. Мұның бәрі біздің сан мыңдаған жыл бойы сары майдай сақталған салтымыздың көрінісі. Бүгіндері де ол салттан ары ұзай қоймадық. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi