І.Есенберлин. «Көшпенділер» кітабынан 1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
расын анықтаңдар.
Осынау ұшы-қиыры жоқ кең даланың ортасында төңкерілген
күміс кеседей жарқырап, ақ айдын Ақкөл жатыр. Жан-жағы
сонау көкжиекке дейін мидай дала. Ұшқан құстан, жүгірген
аңнан бөтен тірі жан көрінбейді. Тек көлдің батыс жағында
көгілдір белес бар. Белестің үстінде сұрғылт оба тас пен бірнеше
балбал тұр. Оба тас - мұрты салбыраған, оң қолына қымыз ішетін
тостаған тәрізді ыдыс ұстаған келсаптай шомбал ғажайып бір
бейне. Бұл тастар жөнінде халық арасында екі аңыз бар. Бірі
көне қыпшақтарда өлген адамды жерлегенде не жетісін, қырқын,
асын бергенде, оның бейнесіне сәйкестендіріп қуыршақ ойып,
үстіне бұрынғы киімдерін кигізіп, өздерінің ортасына отырғыза-
тын дәстүр болған. Өйткені көне қыпшақтардың түсінігінше, адам
жаны өлмейді, үнемі туыс-туғандарымен бірге жүреді. Жоқтау-
ға жиналған кісілердің бәрінің денесінде өз жаны болғандық
тан, өліктің жаны өзінің қуыршақ бейнесіне барып орналасуға
тиіс. Қуыршақ боп ол өзінің жерлеу рәсіміне, жетісіне, асына
қатысуы керек.