Есімдіктер (Задание в приложении) Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес , тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс . Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілік ті . Біріншіден , қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып , қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр . Екіншіден , біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ , керісінше , көпшілігі осы кең - байтақ өлкеде пайда болып , содан кейін батыс пен шығысқа , күнгей мен теріскейге таралды . Үшіншіден , кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық , ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды . Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді . Тіпті , қазақтың кейбір ру - тайпаларының атаулары « қазақ » этнонимінен талай ғасыр бұрын бел гілі болған . Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды . Еуропоцентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ . Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жен . Бұл түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғасы өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих . Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек . Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды . « Ақ » пен « қара » — бір - бірінен ажырамайтын ұғымдар . Бұлар өзара бірлескенде жеке адамның да , тұтас халықтың да өміріне қайталанбас реңк береді . Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар , сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар , әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын - сүргіндер аз бол мады . Мұны ұмытуға хақымыз жоқ . Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп , қабылдай білуіміз керек . Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп , өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ . Ең бастысы — біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып , жаһандық тарихтағы өз рөлiмiздi байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз .​


Есімдіктер (Задание в приложении) Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес , тұтастай қалпында қа

ZolotoNaMoeyShee ZolotoNaMoeyShee    2   07.04.2021 19:24    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi