Есімдік деген не, және оның түрлері, және мысалы келтіру . кто знает эту тему хорошо..

MEGRAD MEGRAD    2   14.09.2019 12:30    0

Ответы
RedSakura RedSakura  07.10.2020 14:13
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.
Оның түрлері
жіктеу есімдіктер;
сілтеу есімдіктер;
сұрау есімдіктер;
өздік есімдіктер;
белгісіздік есімдіктер;
болымсыздық есімдіктер;
жалпылау есімдіктері;
Мысал:
Жіктеу е.  Мен теледидар қарадым
Сілтеу е.  Анау жақтан Самат итті көрді
Сұрау е.   Кім бұзықтық жасады?
Өздік е.   Осы тапсырманы тек өзім орындадым
Белгісіздік е.  Әлдебіреу терезеден қараған сияқты болды
Болымсыздық е.  Менің сөмкемде ештеңе жоқ
Жалпылау е.  Барлығы мәжіліс залына жиналды
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi