Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің,
!
анының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді
де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдікті
«орынбасар сөздер» деп атайды.
Есімдіктер әртүрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде
әртүрлі мүшенің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер атау септікте тұрып, бастауыш болады. Мысалы: Өзің
Осы жолы сыншы боп қайтыпсың ғой. (М.Әуезов)
2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бі-
рінде тұрып, толықтауыш болады. Мысалы: Ермек ешқайсысына
жауап қайырған жоқ. (Ғ.Мүсірепов)
3. Есімдіктер сын есім мен сан есімнің орнында қолданылып, анық-
тауыш болады. Мысалы: Ешқандай із көрінбейді. (М.Мағауин)
4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолда-
нылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Акула ешқашан тоймайды.
(«Әлемде талай қызық бар»)
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса немесе сөйлемді тиянақтап тұрса,
баяндауыш болмады. Мысалы: Жеткізетін сенсің ғой. Бағанағы
күліп тұрған бала шәкірт – осы. (М. Әуезов)
Есімдік құрамына қарай дара және күрделі есімдік болып екіге
бөлінеді. Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу,
барлық, қайда, мынау т.б. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады.
Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б. Матындегы косымша жане негызгы акпаратты аныктандар

niga24 niga24    2   11.01.2021 10:10    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi