Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?»-деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: -Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық.
-Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз?-дегендерге:
-Адал достық –өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады,-деп жауап берген екен Әйтімбет.
1-тапсырма.Мәтіннің жанрын анықтаңыз.