Ертенгіге "менің мамандығым журналист" деген тақырыпқа шығарма

gjjfdkjgfyijh gjjfdkjgfyijh    2   03.07.2019 06:00    1

Ответы
atsaruk2002 atsaruk2002  27.07.2020 08:57
Журналист болу — бала күнгі арманым. Әрқашан теледидардан сөздің майын тамызып, нағыз қазақы мінез, бітім-болмыс көрсететін журналистерді көрге-німде, құмарлығым одан әрі артатын. Журналистика саласы — ең қызығы мен шыжығы көп, қызған өмір ортасы. Алғашқы болып бәрін естіп, көріп, елге жеткізу — басты талап. Ал алғашқы болу, бірінші болу — менің қағидам. Әр күн сайын, минут сайын өз бойыма журналистика маманының сәл де болса бөлігін қосып, игерудемін. Адам армандары арқылы асқар шыңдарды бағындырады. Менің ойымша, армансыз адам аяқ-қолсыз мүгедекпен тең. Қазағымның үні, салт-дәстүрі, бітім-болмысы — барлығы да осы журналис-тика саласында. Мен журналист болу арқылы санама қазақылық сіңіріп, елімнің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, қуанышын көкке жеткіземін. Алаш алыптарының ізін жалғап, елімді еңселі етемін. Өзіме ақиық ақын Мұқағали жырын ұран қыламын.
Мына өмірде жүргеніңде,
Бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да
Болады деп арманда.
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында
Біз тұтатқан от жансын.
Ей, болашақ,
Ей, болашақ,
Ошағыңда біз тұтатқан от жансын!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi