Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр

күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған

жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған

айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімдіқияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін

ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей

өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі куана

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген

мәтінің
негізгі акпарат-
қосымша акпарат-
көзкарасы-

azarovandrey123 azarovandrey123    2   07.12.2020 14:50    8

Ответы
ivanapushkin10 ivanapushkin10  07.12.2020 15:00

көзқарас мұндай ел бар болғанша жоқ болсын

негізаловоууттутутутутутс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi