Ертеде бір жас патша болыпты. Ол өсімдіктердің пайдасы жайлы көп ойлайды екен. Бірде ол: « Шаһар айналасындағы пайдасыз өсімдіктерді жою керек. Маған ең жаман өсімдіктерді алып келіңдер», - деп тапсырма береді. Уәзірлер патшаға қоға, сексеуіл, жусан, алаботаны алып келеді. Патша: « Оларды базарға апарып , өте төмен бағамен сатыңдар», дейді. Түстен кейін патша базарға барса, ешқандай өсімдік қалмапты. Ең бірінші сексеуіл таусылыпты. Оны көп сатып алған адам: - Сексеуілді мен отын өыламын, - депті. Екінші тқоға таусылыпты. Оны көп сатып алған адам: - Мен қоғадан арқан, жіп есемін ыдыс та тоқимын, - депті. Үшінші жусан таусылған. Оны да сатып алған адам былай депті: - Жусан - өте пайдалы өсімдік. Ішің ауырса, жусанды қайнат та суын іш. Жусанның қайнаған суына жіп бояймын. Төртінші алабота таусылыпты. Мұны көп сатып алған адам: - Мен алаботадан сабын, дәрі жасаймын, - деп айтыпты. Ақылды патша әр өсімдіктің пайдасы бар екенін түсініпті. Сөйтіп жаман өсімдік іздеуді тоқтатыпты перевести и составить три во по тексту.