Ерте және кең тараған, ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Қос ішекті Домбыра - қазақ халқының шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап түрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Домбыра - сан ғасырдан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
3-тапсырма. Кестені толықтырып жаз.

№ Әр абзацқа

Ат қой Негізгі идеясы/ тірек сөздері Абзац бойынша 1-2 сұрақ құра. Әр абзацтан синоним сөздерді тауып жаз Әр абзацтан антоним сөздерді тауып жаз.

№1 абзац

№2 абзац

№3 абзац

kamikot kamikot    1   09.02.2022 22:49    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi