Ерте замандардың бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алыпты. Қорғаннан өте алмаған жау қалаға келетін ауыз суды тоқтатып тастапты. Қамаудағы халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, халық берілмепті. Сонда дұшпанның әскербасы жарлық шығарыпты:
– Қаладан көтергенінше зат алып, әйелдердің кетуіне рұқсат!
Қаланың байлығын бөліскен жау енді еркек атаулыны құртпақ болады. Бірақ қалада бірде-бір жан болмай шығады.
Әйелдер бір-бір ер азаматты қапқа салып алып кеткен екен. Мәтін қандай жанрға жатады?