Ертеңіне түсте жат иіс шықты , алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп , жақындап келе жатты . Күшіктерді жоталарынан тістелеп , Індерге тығып - тығып тастап , ақ қасқыр қараған ішіне кірді . Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді , айқай - дабыр тастаған ағаштар сарт - сарт түсіп жатты . Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады . Коргіш көздер ін түбіне қадалды . Күшіктер бiрi үстіне бірі үйіліп , бауырын көтеріп қыбырлай алмай , жақын жерде жатыр еді . жып - жылы мықты тұсаулар мойнынан , жотадан устап , бар күшікті сыртқа алып шықты . Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарай отырып өлтірді де , екі кішкенесін тірі қалдырды . Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да , екінші біреуін — ең кенжесін алып жүріп кетті . Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып , екі қасқыр жоқ болды . Ін қаңырап қалды . Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз - түні у - шу болып жатты . Қой жараланды . Қозы алып қашылды . Бұзаулар өлтірілді . Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді . Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды ..
найти сдесь наречие​

Зайка122222222 Зайка122222222    3   19.02.2021 10:22    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi