Ерте, ерте, ертеде үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүрген. Күндердің бір күнінде оның әйелі Айсұлу ұл туады. Қуанған әке –шешесі той жасайды. Атын –Толағай деп қояды. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батыр болып, жетіге келгенде ешкім оны жеңе алмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бір күні олардың тұратын жеріне жұт келеді. Жаңбыр жаумай, шөлден мал, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үйдің көлеңкесінде, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы ешқашан құрғақшылық болмайтын Тарбағатай туралы айтып береді. Ол көп жүріп, асқар тауларды тауып алады, оған төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды арқасына салып, еліне келеді. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауа бастайды. Халық Толағайды қуанышпен қарсы алады. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай «Апа!» деген жалғыз сөзге шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Ана жылап, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады
Озаглавите текст
Заранее

izirinee izirinee    3   19.05.2020 06:55    2

Ответы
Pusya102 Pusya102  14.10.2020 23:31

"Толағай" тауының тарихы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi