Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл. Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, дүниені дүр сілкіндірген осынау дүрбелең кезеңнің қиын-қысталаң сәттері күні бүгінге дейін көпшіліктің есінде екені рас.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыстың зардабын мыңдаған қала, милиондаған адам көргені анық. Шындығында да, бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен тарихи мезгіл.
Ұлы Жеңіс жолында қазақ ұлты да жанын пида етті. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барып, ел үшін етіктерімен қан кешті. Олар Сталиниград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында Жеңіс туын көтеріп өтті. Жалпы, Ұлы Отан соғысы жылдарында қандас қаһармандармандарымыз қатыспаған бірде бір шайқас болмады.

Объяснение: