Еркіндігім, Қасиеттім,
Қастерлім !
Өзің барда өзегімде жоқ шер - мұң !
Кеше сенің келбетіңді арман қып,
Боданына бұғауландың басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің !
Уа , Еркіндік ,
Қош келдің !
Өзегімді өртке ораған қоғамда Өз үйіме өзім өгей болам ба ?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш ,
Азаттығым , қадірің де жоқ онда !
... Саған жету қиын болса қаншалық ,
Сақтап тұру қиынырақ одан да ! Алла берген азаттықтың әр сәті – Аманат қой
Маған ,
Саған ,
Оған да !
Саясатқа сермей алмай семсерді ,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді ! Желтоқсанда жалын атып жастығым ,
Құрсау болған темір қоғам теңселді !
Есте даңқы қыршындардың қалды ма ?
Сексен алты ерлігім бе , ең соңғы ?!
Уа , еркіндік ,
Құның немен өлшенді ?!
Сені көксеп ,
Боздақтарым өлсе өлді !
Сенсің – менің ең ғажайып өлеңім ,
Ең шуақты ,
Ең шырайлы ,
Ең шерлі !
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын Құдай берген ғұмырымда өлшеулі !​


Еркіндігім, Қасиеттім, Қастерлім ! Өзің барда өзегімде жоқ шер - мұң ! Кеше сенің келбетіңді арман қ

asetburkutov00 asetburkutov00    3   11.02.2021 17:56    1

Ответы
zhanna241 zhanna241  11.02.2021 18:00

Қалқаман аға,өлеңдеріңіздің барлығы өте жақсы

зделай мой ответ лучшим я всегда делаю правильно)


Еркіндігім, Қасиеттім, Қастерлім ! Өзің барда өзегімде жоқ шер - мұң ! Кеше сенің келбетіңді арман қ
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi