Энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу мәселелерін шешпей, Қазақстан экономикасын дамытатын тұрақты модель құру мүмкін емес. Осы саладағы шаралар жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып ынталандыру арқылы өнеркәсіп, электр энергетикасы, тұрғынүй- коммуналдық және көлік секторларын жаңартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытын таңдап отыр. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың табысты саясаты елдің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Қарапайым шамдардың орнына энергия үнемдеуші шамдарды қолданған жөн. Өйткені энергия үнемдеуші шамдар қарапайым шамдарға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді. Сонымен қатар энергия үнемдеуші шамдардың пайдалану мерзімі қарапайым шамдармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Энергия үнемдеуші шамдар электр қуатын 80 пайызға жуық үнемдейді. 1-тапсырма. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Қандай елдерде қуатты тиімді үнемдейді?
В) Еліміз экономиканы дамыту үшін қандай бағыт таңдап отыр?
С) Қуатты үнемдеу үшін неше үнемдеуші шам керек?
Д) Үнемдеуші шамдар қанша тұрады?
2. Мәтінге сәйкес дұрыс ақпаратты таңдаңыз.
А) Энергия үнемдеуші шамдар жарықты он есеге үнемдейді.
В) Үнемдеуші шамдардың пайдалану мерзімі өте аз.
С) Қазір үнемдеуші шамдар кездеспейді.
D) Қазақстан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытын алды.
3. Мәтінде негізгі тірек сөздерді табыңыз.
А) технология, пайыз, шам, Қазақстан
Б) үнемдеу, шам, экономика, энергия
С) шамдар, бағыт, энергия, экономика
D) экономика, бағыт, шам, үнемдеу
4. Мәтінде қандай антонимдер бар?
A) қарапайым -шағын
Б) алады-береді
C) энергия -қуат
D) жаңарту- арттыру
5. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты таңдаңыз.
А) Үнемдеуші шамдар қаншалықты пайдалы?
В) Бүгінде үнемдеуші шамдар бар ма?
С) Үнемдеуші шамдардың түрі қандай?
D) Еліміз экономиканы дамыту үшін қандай бағыт таңдап отыр?