Электртерістілігі дегенІміз не​

викуша131 викуша131    1   10.09.2020 17:51    1

Ответы
liza345789 liza345789  15.10.2020 19:57

Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады.

Объяснение:

Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.

Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.

Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi