Электр сымына шам орнатты. Түнде оны жағып, екеуі Есеннің асыранды кірпісі электр шамы жанған кез-
де ағаштардың арасынан шығып, жаздык күркедегі
кереуеттің астына кіріп кетеді. Ол кереует астынан
таңырқағандай кішкене тұмсығын шығарып қарап-
шығып, қараңғы түнде жайнаған электр жарығына
қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің
сабаққа дайындалады.
«кірпім-кірпім» деген дауысы шыққанда тұмсығын
шығарып, азығын іздейді. Есен оның азығын күні бұрын
дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.
Есен кереуеттің бас жағында тұрған мандолинасын
алып тартты. Мандолинаның дыбысы түнгі тынық кеш
те өте ашық, әдемі еді. Біраздан соң кірпі домаланып
кереует астынан шықты да, дыбысты аңғарып, тура
Есеннің алдына келді. Сөйтті де әуенді анық тыңдағысы
келгендей тұмсығын сәл көтеріп, аз тұрды. Кітап оқып
отырған Қаби басын көтергенде:
Мына кірпінің тыңдап тұрғанын қарашы. Әуен
ырғағын сезеді өзі, деді Есен күлімсіреп.
Сапарғали Бегалин