Елек өзенінің жиегінде түймедей бір төбе тұр . Өзi қораш болса да , осы тебенің аты зор . << Актобе » десе , жұрттың бәрі біледі . Ондай ақ та емес . Сонша ағартып , зор айтарлык не касиетi барын кім білсін , оны қоршай салынған қала да « Ақтөбе » аталған . Қаланың күншығыс жак шетінде Елек өзені ағады . Бір жағы - ырғалған көк , тып - тыныш , бір жағы - сартылдаған пойыз , сары кұм . Екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын бiлмей тұрған сияқты . Алысырақ , жан - жакка көз жіберсең бетегелі , құмайт жазық дала , жалпак дала сезылып кете береді . Кең аспанда еркiн самғаған көк каршығадай , осы далаға көз түскенде , көңіл шіркін де самғап самғап алады разбор предложений