Елбасының жеке қасиеттеріне байланысты дұрыс құрылған сөйлемді тап. Тыныс белгілеріне мән бер. Нұрсұлтан Әбішұлының өмір арнасы мәнді де мағыналы тағылымға толы десек қателеспейміз. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар. Бұған қоса ол – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен. Нұрсұлтан тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар. Елбасының тағы тағы бір қыры – ақындық. Оның суырып салатын қасиеті бар екенін айналасындағылар жиі айтады. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.
Ән айтып, домбыра шерткен, баянда ойнаған. Шебер шаңғышы болғанымен қатар альпинизмге қатты қызыққан. Бұларға қоса ақындық өнері де бар екен.