Еліміздегі көгөніс , жеміс - жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян . Олардың сырт пішіні өзгергені , сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі . Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де , базарда да тастай болып қатып жата береді . Бұзылмайды . Ал өзіміз өсірген қызанақ екі - үш күннен кейін босап , жарамсыз болып қалады . Жүзімнің өзін алсаңыз , әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп , картоппен бірдей . Тіпті , осы күнгі шұжық , котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды . Ол кәдімгі шетелдің соясы , еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады . Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда « гендік модификацияланған организмдер » ( ГМО ) деп атайды . Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі — гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер ( ГМО ) жайлап келеді . Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ . ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса , оның қандай болатынын , пайда - зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз . Тапсырма : Автор қандай мәселені көтеріп отыр ? « Гендік өзгеріске ұшыраған өнім зиян » дегенге 4-5 сөйлеммен өз көзқарасыңызды білдіріңіз .