Еліміз арзан электр энергиясын іздеуді мақсат етеді. Желдің күшімен өндірілетін электр қуаты халықшаруашылыққа жұмсалады. Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдірсе, оның тиімділігі артады. Республиканың кейбір су электр стансылары мен жел электр стансыларын біріктіріп, электр энергиясын өндірген өте тиімді. Бұл – өте зор энергия көзі. Алайда жел электр стансысының адамзатқа пайдасымен қатар зияны да бар. Айналып тұрған механизм дыбыс шуын шығарады. Ол адам денсаулығына кері әсер етеді екен. Жел энергетикасын жарық пен жылу алу үшін XX ғасырдан бастап пайдаланылып келеді. Жел электр стансылары АҚШ-та, Еуропада көп салынған. Қазақстанда 2015 жылы Ерейментауда бірінші жел электр стансысы салынды.
1.Мәтінде не туралы айтылған? Олар неге керек?

2.Электр стансыларының түрлері қандай? Олар қандай қауіп төндіруі мүмкін?

3.Электр стансыларының зияны да, пайдасы бар дегенді қалай түсінесің?

4. Жел электр стансысының тиімділігі неде?

alena1706 alena1706    3   27.10.2020 12:33    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi