Жалпы біз, «жастар – болашақтың қожасы» деп оларға үлкен сенім артамыз және үміт күтеміз. Кешегі Мағжан ақын ізімен жастарға сенім артқан да дұрыс шығар. Бірақ, көбіне «ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын» деген ұлы Ахаңның сөзі көп адамның қаперіне кіре бермейді. Аға буын өкілдерінің базбірі жастардың болашағына үлкен үмітпен қарайтын болса, енді бірі қит етсе сол жастарды кінәлауға дайын тұрады. Осыдан келіп, оп-оңай пара беретін де жастар, ішімдік ішетін де жастар, нашақорлықпен әуестенетін де жастар, ұрлықпен айналысатын да жастар деген кереғар пікір оп-оңай қалыптаса салады. Яғни қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. Рас, жоғарыда аталған дерттің бәрі де қоғамымызда бар. Әйтсе де, бес саусақтың бірдей болмайтынын біле тұра, мұның бәрін жастарға таңа салуға болмайды ғой.
Біздің қоғамда жастардың мәселесі шаш етектен. Оның бәрін түгелімен тізбектемесек те, негізгілеріне тоқталып өтуді жөн санадық. Егемен ел болғанымызға жиырма жылға жуықтағанымен, әлі күнге дейін жұмыссыздық дертінен айыға алмай келеміз. Жұмыссыздықпен күресу үшін, «Жол картасы» бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаның аясында былтырғы жылы 137 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіліпті.Дәл қазіргі таңда, «Дипломмен - ауылға» жобасы қызу қолға алынып жатқаны белгілі. Осы жоба арқылы ұлтымыздың алтын қазығы – ауылды жандандыруға қомақты үлес қосылмақшы. Бұл жоба дер кезінде жасалды. Бұған да тәубе. Бұрындары үш жылды қатарынан ауыл жылы деп белгілегенімізбен, ауылға жөнді бетбұрыстың жасалмағанын көз көрді. Ендігі жерде жас мамандар оқуын бітіргеннен кейін аяқтан тозып жұмыс іздемейтін болды. Әсіресе, ауылдан білім іздеп келгендері, туған ауылын түлетуге күш жұмсаса құба-құп болар еді. Әзірге жібі түзу жоба деп танылып отырған «Дипломмен-ауылға» жобасының берер нәтижесін алдағы уақыт көрсетсе керек. «Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында» дейтін болсақ, сапалы білім беру мәселесін басты назарда ұстауымыз қажет. Осы тұста Елбасымыздың тікелей бастамашылдығымен «Болашақ» бағдарламасы арқылы үздік студенттерді шетелде оқыту мәселесі жолға қойылды. Бұған да біраз уақыт«Болашақ» дегенде, әттеген-ай дейтін жәйттер көп. Біріншіден, шетелде білім алып келген мамандардың елімізде белгілі бір сала бойынша қызмет атқарып, сол саланың дамуына үлес қосыпты дегенді естімегеніміз,көрмегеніміз өкінішті-ақ. Өзге елдің мәдениетін бойына сіңіріп келген болашақтықтардың базбірі өз еліне келгенде туған тілін де ұмытып кететіндігі жүрегіңді ауыртады. «Сүт бетіндегі қаймақтарды қалқып» алып шетелге оқытып, білімін жетілдіріп жатырмыз дегенімізбен одан ұлтымызға тиіп жатқан титтей пайданы көрмей жүргеніміз ұят-ақ! Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, жапондықтар шетелде білім алып келген жастарын қайтадан жапон болуға тәрбиелейді екен. Осы әдісті біз де қолдансақ, артықтық етпес. «Болашақ» бағдарламасының аты дардай болғанымен, жастарымыз шет мемлекетте жүріп тым «жаһанданып» келетіндіктен, отанға елге деген сүйіспеншілігін арттыра түскеніміз дұрыс. Осындай, кері кеткен бағдарламаны жүзеге асыру үшін де мемлекет қазынасынан қыруар қаржы жұмсалды, бәрі де құмға сіңген судай жоқ болып кетті. Одан көріп жатқан пайдамыз да шамалы. Бармақты тістегеннен басқа шараң жоқ. Ендігі жерде болашақтықтарға шет елден келгеннен кейін міндетті түрде, өз елімізде қызмет атқаруы тиіс деген шарт қойған жөн.
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар.Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық-тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды-лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады: Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым… Түркі иелігінен айырылған халықты Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді. Бұл жазбадан патриотизмнің –ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші. Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала-сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын. Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті. Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті

Объяснение: