"Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген М.Әуезовтың сөзін тарқатып жаз. 50-60 сөз

rsdfa rsdfa    3   02.03.2021 11:58    0

Ответы
анлггрн765 анлггрн765  01.04.2021 12:00

Объяснение:

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі бар Мұхтар Әуезовтің. Бұл қанатты қағиданы әркім әр түрлі ұғады. Тәрбие жайлы айтылып тұрғаны сөзсіз. Осы бір аталы сөз хақында өз ойыммен бөлісіп көрмекпін…Бұл тағылымды сөзді «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөзбен шатастырмаған жөн. Өйткені, онда бала балиғат жасына дейін жақсы қасиеттерді ата-анасынан сіңіретіні айтылады.

Менің ойымша, Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дегені – болашақта бесік тербейтін қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқаны. Себебі, «қыз бұзылса, ел бұзылады» дейді бабалар даналығы. «Қызыңды бөтен үйге қондырма» деп те бекер айтпаған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi