Экологиялык, зардап аймағына айналған тағы бір өлке ол - "байқоңыр" ғарыш аймағы. байқоңырмен шектес ұлытау даласының қай түкпіріне үңілсеңіз де, әртүрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып жүру қиын. бұлар зымырандардың бірінші ұшу сатысынан айырылып, жерге құлаған бөлшектері. зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. аспаннан от жалынға оранып түскен қалдықтар 3-4 гектар аумақты улап, өртеп, тып-типыл етіп кететіндіктен, ұзақ жылға дейін, қу тақырларға айналған бұл жерлерде ештеңе өспейді. байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі және ол 105 мың шаршы км-ден асады. олар төмен құлдилап келе жатқанда, сұйық отын ретінде қолданылатын дептил төгіліп, шашылып ауаны, жер мен суды улайды. одан тараған уландырғыш заттар, сол төңіректе 130 елді мекеннің үстін себелеп өтеді. зерттеулер анықтағандай зымыран ұшырылған кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең. белгілі мәліметтер бойынша бір зымыран ұшқан кезде оның отынынан ауаға тасталатын зиянды зат мөлшері 300 тоннаға жетеді. мұның бәрі ең алдымен денсаулығына әсер етеді. осының салдарынан соңғы жылдары әсіресе ұлытау ауданының тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, кеміс туу, нәрестелердің шетінеуі көбейіп кетті. составить 5 вопросов и к ним ответы )

Кара101 Кара101    2   03.06.2019 10:10    5

Ответы
ruslan189kalin ruslan189kalin  01.10.2020 18:08
1) Зардап аймағына айналған жер? Байқоңыр
2) Зымыран ұшырған кезде ауаның ластануы неге тең?зымыран ұшырылған кезде ауаның ластануы 100 мың автомобильден будақтаған түтінге тең.
3) Ауаның ластануы салдарынан қандай аурулар көбейіп кетті?Ауаның ластануы салдарынан соңғы жылдары әсіресе Ұлытау ауданының тұрғындары арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, кеміс бала туу, нәрестелердің шетінеуі көбейіп кетті.
4) Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын неше
аудан белгілі? Байқоңыр ғарыш аймағының аумағында зымыран бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі 
5) Зымырандардың отын құрамындақандай қосылыстар жиі кездеседі? Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi