Екі тақырыптың бірін таңдап, хат жаз. Сөз көлемі: 60-80. Жазба жұмысында хат жазудың талаптарын ескеріп, жалғауларды жалғауда орфографиялық норманы сақта. [10] Өзіңді табиғаты суық Эскимостар еліне ұзақ мерзімге саяхаттауға аттандым деп елест. Алыс елден досыңа сол елдің табиғат ерекшелігін сипаттап, өзіңнің қалай өмір сүріп жатқаныңды, эскимостардың қызықты өмірімен таныстыра әңгімелеп хат жаз. Сенің «Туған елге тағзым» экспедициясына барған кезде танысқан Қызылорда қаласының НЗМ-інде оқитын досың бар. Ол сұлу Көкшетаудың табиғатына үлкен қызығушылық танытады. Бұл жолы ол Бурабайдағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы сұрады. Қызылордалық досыңның сұрағына жауап бере отырып, хат жолда.
Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы - адал еңбек деп біледі.