Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.

vankovvandam vankovvandam    3   25.09.2019 08:50    4

Ответы
andreyshilenko andreyshilenko  02.05.2020 01:46

Берілген екі мәтін бойынша салыстырмалы талдау жасау.

Екі мәтіннің ұқсастығы: Берілген екі мәтінде де қазіргі заманда ғылымның  дамып, адам өмірін жеңілдетету үшін ойлап табылған құралдар жайлы айтылған. Бұл ойлап табылған жаңа технологиялар адам өмірін жақсартады.

Айырмашылығы: Бірінші мәтінде адамсыз жүретін көліктер жайлы айтылса, ал екінші мәтін - ұялы телефон жайлы.

Негізгі идеясы: Бірінші мәтін бойынша: өзі жүретін көлік адамдардың тұрмыс – тіршілігін жеңілдетіп, қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді.  Себебі жасыл желек көбейіп, ал көлік қоятын орындар керісінше азаяды. Кептеліс пен апаттар азайып, жүріп – тұру оңай болады. Сонымен қатар, бос уақыт та көбейеді.

Екінші мәтін бойынша: «Самсунг» компаниясының смартфондары мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас құрал болмақ, тіпті қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен тыңдайтын өлеңдерді таңдауға болады.

Мақсатты аудиториясы: Бірінші мәтін бойынша:  көлік жүргізе алатын барлық азаматтар.

Екінші мәтін бойынша: бұл құрылғы тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сонымен қатар барша тұтынушыларға қажет әрі ыңғайлы болмақ деп есептеймін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi